Жамбыл жаңалықтар
Таразда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілуде
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қазан, 2025
- 412
Бұл туралы Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлімдеді
Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен «Тараз-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады", — делінген хабарламада.






