Тараздағы көшелердің біріне тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есімі берілді
Ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның атын ұлықтау туралы бастама қоғам белсенділері тарапынан бірнеше жыл бойы көтеріліп, нәтижесінде оң шешімін тапты.
Тараз қаласында көшелердің біріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші Шәкен Ниязбековтің есімі берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді қаланың бір бөлігі ресми түрде Мемлекеттік Тудың авторының атымен аталады. Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары ұсынылған 1200-ден астам нұсқаның ішінен Шәкен Ниязбеков әзірлеген ту үлгісі үздік деп танылып, бүгінде 33 жылдан бері Қазақстанның басты мемлекеттік рәмізі ретінде қолданылып келеді.
Сонымен қатар, таяу уақытта суретшінің есімі қаладағы мектеп-гимназиялардың біріне берілмек. Қазіргі таңда аталған білім ордасының ең көрнекті әрі құрметті орнына Шәкен Ниязбековке арналған ескерткіш мүсін орнатылған.