Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы Құмшағал тұрғын алабында мәдениет үйі ашылды

Шараға облыс әкімі арнайы қатысты

Тараз қаласындағы Құмшағал тұрғын алабында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тұрғындарды мәдениет ошағының ашылуымен құттықтады.

Бұдан соң жаңа нысанның қызыл лентасын қиылып, жиналғандар мәдениет үйінің ішін аралады.

Жаңа нысанның сыйымдылығы 140 орынға шақталған. Жалпы аумағы 430 шаршы метрді құрайды. Мұнда хореография залы, балаларға арналған үйірме бөлмелері, кітапхана, гардероб, қызметкерлерге арналған бөлмелер бар.

Сондай-ақ, бұл ғимаратта 12 орындық оқу залы мен кітапхана бар, кітап сақтауға арналған сөрелер, қойма бөлмесі қарастырылған.

Айта кетейік, былтыр облыста  20 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 8-і пайдалануға берілді. Ал биыл 16 нысанға қаржы қарастырылып, 4-і ел игілігіне берілмек. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 6 нысан жергілікті тұрғындарға есігін айқара ашады.