Жамбыл жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінен 1-топтағы мүгедек азамат босап шықты

Босату рәсімі сот шешімі негізінде және уәкілетті органдардың қатысуымен жүзеге асырылды.

Тараз қаласындағы 58 түзеу мекемесінен 1-топтағы мүгедек азамат заңда белгіленген тәртіпке сәйкес босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Азаматтың денсаулық жағдайы ескеріліп, оған медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері тиісті мекемелермен бірлесіп пысықталды. Қазіргі уақытта босатылған азаматтың әрі қарайғы оңалту шараларын ұйымдастыру және әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету көзделіп отыр.

Тиісті қызметтер заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.