жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» атты адалдық сағаты өтті

Таразда «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» атты адалдық сағаты өтті
Фото - ашық дереккөз
Жиынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және адалдық, әділдік қағидаттарын насихаттау болды.

Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараға Тараз қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше инспекторы, халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маман, заңгер және әлеуметтік қызметкер қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің рөлі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ адалдық пен әділдікке негізделген азаматтық ұстанымның жеке тұлға қалыптастырудағы орны талқыланды.

 Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарына жауап алды. Адалдық сағаты жастардың құқықтық түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар