Таразда жүргізуші куәлігін алу емтихандары уақытша тоқтатылды
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мәлімдеді
Тараздағы мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жауаптылардың мәліметінше, мұндай шешім практикалық емтихандар кезінде қолданылатын арнайы құрал-жабдықтардың істен шығуына байланысты қабылданған. Қазір қызмет көрсетуші ұйым жабдықты қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.