жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа кітапхана пайдалануға берілді

Таразда жаңа кітапхана пайдалануға берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа кітапхана 45 мыңнан астам тұрғыны бар шағынауданда ашылды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданында жаңа кітапхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шаһар басшысы өз сөзінде ұлт руханиятын дамыту – басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, жаңа кітапхананың маңыздылығын атап көрсетті.

Салтанатты шараға жазушы, драматург, публицист және «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының Құрметті азаматы, ақын Қайырбек Асанов, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібайұлы қатысып, өз ізгі тілектерін жеткізді.

Жаңа кітапхана 45 мыңнан астам тұрғыны бар шағынауданда ашылды. Аумағы 400 шаршы метрді қамтиды. Кітап қоры 41 мың дананы құрайтын руханият ордасында абонемент бөлімі, оқу залы және «Коворкинг» орталығы жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар өз бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізе алады.

Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша 17 кітапханада жалпы кітап қоры 495 мыңнан астам данаға жетті. Жаңа кітапхана қаланың білім мен мәдениет саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар