жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа облыстық аурухана бой көтермек

Таразда жаңа облыстық аурухана бой көтермек
Canva
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді

Жамбыл облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба бастау алмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараз қаласынан салынатын 350 төсек-орынға арналған облыстық көпбейінді аурухана құрылысы өз кезегінде өңір медицинасының дамуына серпін береді.

Құрылыс алаңы ретінде қала маңындағы Асқаров көшесінің соңынан 12 гектар жер телімі бөлінді.

Аурухананың 2026 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталады. Құрылыс кезеңі 2027–2029 жылдарға жоспарланған.

Жаңа аурухана соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, хирургия, кардиология, нейрохирургия, онкология және басқа да маңызды бағыттарды біріктіретін болады.

Жобаның жүзеге асуы облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, күрделі операциялар мен диагностиканы облыс аумағында-ақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл бастама өңірдегі стационарлық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеріп, пациенттердің өзге қалаларға бару қажеттілігін айтарлықтай азайтады.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар