бейсенбі, 23 сәуір, 2026 3:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Жас сақшы» полиция сыныптарының алғашқы қалалық слеті өтті

Таразда «Жас сақшы» полиция сыныптарының алғашқы қалалық слеті өтті
Ашық дереккөз
Шара барысында қатысушылар саптық дайындық, құқықтық білім, спорттық жарыстар және командирлер сайысы бойынша сынға түсті.

Тараз қаласында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған ерекше шара – «Жас сақшы» полиция сыныптарының қалалық слеті алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ауқымды іс-шараға қаладағы 15 мектептен 300-ден астам оқушы қатысып, өзара білім, тәртіп және шеберлік бойынша бақ сынасты.

Слеттің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ полиция қызметінің маңызын түсіндіру.

Ашылу салтанатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Ол қатысушыларды тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әрі елін сүйетін азамат болып өсуге шақырды.

Шара барысында қатысушылар саптық дайындық, құқықтық білім, спорттық жарыстар және командирлер сайысы бойынша сынға түсті. Әр кезеңде оқушылар ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды «№46 орта мектептің» жас сақшы полиция сыныбы иеленсе, ІІ орын Нарғозы Данаев атындағы орта мектепке бұйырды. Ал ІІІ орынды «№61 орта мектептің» жас сақшы полиция сыныбы жеңіп алды. 

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, құқықтық тәрбие жұмысына үлес қосқан педагогтар мен мекемелерге алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздарға білім бөлімі тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.

Ұйымдастырушылар мұндай слеттер алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатынын атап өтті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар