жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Таза Қазақстан – болашақ үшін»: кәсіподақтар ел игілігі үшін тазалық акциясына шықты

«Таза Қазақстан – болашақ үшін»: кәсіподақтар ел игілігі үшін тазалық акциясына шықты
Фото: Jambylinfo.kz
Шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастамашы болып, еліміздің барлық өңірінде кәсіподақ ұйымдары белсене қатысты.

Елімізде 27 қыркүйек күні ауқымды экологиялық шара – «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл игі бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынып, табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған.

Шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастамашы болып, еліміздің барлық өңірінде кәсіподақ ұйымдары белсене қатысты. Акция кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Тараз қаласында өткен тазалық жұмыстарына 6 салалық кәсіподақтың 21 бастауыш ұйымынан 140-тан астам мүше қатысты. Олар қаланы абаттандыруға елеулі үлес қосты.

Іс-шара барысында:

20 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды;

Көшек батыр көшесіндегі сквер аумағына 25 қылқанжапырақты ағаш көшеті отырғызылды;

Бұрыннан өсіп тұрған ағаштардың қураған бұталары кесіліп, күтім жасалды;

Қоғамдық орындықтар мен кіші сәулет нысандары сырланып, аумақ толықтай ретке келтірілді.

Бұл күні республика аймақтарындағы кәсіподақ ұйымдары да «Таза Қазақстан – болашақ үшін» ұранымен табиғатты қорғау ісіне бір кісідей атсалысты. Демалыс орындары, скверлер мен қоғамдық кеңістіктерде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылды.

Кәсіподақтар қозғалысы – тек еңбекшілердің құқығын қорғаумен ғана шектелмей, қоғам өміріне белсене араласатын, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдайтын күш екенін көрсетті. «Таза Қазақстан» акциясы – осының айқын дәлелі.

Табиғат – баршамызға ортақ құндылық. Оны сақтау әрбір азаматтың міндеті. Кәсіподақ мүшелері бастаған бұл шара тек бір күндік науқан емес, ел болашағына жасалған жауапты қадамдардың бірі болып отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар