жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заңмен қорғалған таза аймақ» экологиялық акциясы өтті

«Заңмен қорғалған таза аймақ» экологиялық акциясы өтті
Фото - ашық дереккөз
Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын арттыру

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өңірлік экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен мамандандырылған прокуратура өкілдерінің қатысуымен студенттерге арналған экологиялық дәріс өтті. Іс-шара «Заңмен қорғалған таза аймақ» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Акцияның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын арттыру және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу. Мамандар студенттерге табиғатты қорғау заңнамасы, қалдықтарды басқару, атмосфералық ауаны ластамау, биоресурстарды сақтау талаптары жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Шара барысында қатысушыларға әртүрлі елдердегі құқықтық мәдениетті нығайту тәжірибелері таныстырылды. Батыс елдерінде азаматтық белсенділікке басымдық берілсе, Жапонияда заңға құрмет әлеуметтік институттар арқылы қалыптастырылатыны айтылды. Бұл бағыт Қазақстанда да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Спикерлер Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында құқықтық мәдениетті күшейту бойынша маңызды реформалар атқарылғанын атап өтті. Осы тұжырымдаманы орындау мақсатында Жамбыл облысында биылғы 9 айда 820 рейд жүргізіліп, орман заңдылығын бұзу, заңсыз аңшылық және балық аулау деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологияны дамыту тұжырымдамасының өңірлік жоспары аясында 47 экологиялық іс-шара өткізілген.

Дәріс соңында студенттер қоршаған ортаны қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті екенін, табиғатты аялау құқықтық мәдениеттің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар