Жамбыл жаңалықтар

Жаңатаста «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев арнайы қатысты

Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 9-сыныптың 20 оқушысынан құралған «Жас сақшы» сыныбы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев арнайы қатысып, жас сақшыларды құттықтады. Салтанатты сәтте оқушылар ант қабылдап, заң мен тәртіпке адал болуға серт берді.

Шара аясында мектеп директоры мен аудандық полиция бөлімінің бастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция–мектеп байланысын нығайтуға бағытталған.

🇰🇿 «Жас сақшы» жобасы жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, полиция қызметіне қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.