Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 1-3 градус аяз болады - Қазигидромет

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпал етіп жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикамыздың солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар жауады. 

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда - тұман, оңтүстігінде - шаңды дауыл болады.

Алматы және Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.