Жамбыл облысында 6-7 ғасырға тән тоғызқұмалақ ойын тасы табылды
2024 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының зерделеу тобы Қызылтаң ауылынан үш шақырым жердегі тау бөктерінен Батыс Түрік қағанаты дәуіріне тиесілі тоғызқұмалақ ойын тасын тапты. Мамандардың айтуынша, бұл ойын 16-17 ғасыр бұрын пайда болған.
Тоғызқұмалақ тек ойын-сауық емес, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытатын зияткерлік ойын болған. Табылған тақта көшпенділердің математикалық білімін жетілдіруге ықпал еткенін көрсетеді.
Бұл жаңалық тоғызқұмалақтың терең тарихын зерттеуге мүмкіндік беріп, оның күллі түркі әлемінің ортақ мұрасы екенін дәлелдейді.
Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.