жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктердің мәліметінше, 26 қыркүйек күні Жамбыл облысының кей аудандарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Облыстың оңтүстік және таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Сонымен қатар, түнде және таңертең таулы аудандарда тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында,таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!" - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар