бейсенбі, 5 ақпан, 2026 22:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында балалар жаңа полицейлік "Жас сақшы" сыныбында оқуды бастады

Жамбыл облысында балалар жаңа полицейлік "Жас сақшы" сыныбында оқуды бастады
Фото: Jambylinfo.kz
Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, педагогтар мен оқушылар  қатысты.

Тараз қаласының №38 мектебінде "Жас сақшы" сыныбының ашылуы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты рәсімге Тараз қаласының  Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Азимов  қатысып, оқушыларды оқытудың жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады. 

Ол оқушыларға арнаған құттықтау  сөзінде "Жас сақшы" бастамасы жастардың заң талаптарын құрметтеуіне, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. 

Сабақ барысында балалар құқық негіздерін меңгеріп, полиция қызметінің ерекшелігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы білетін болады.

Жас сақшылар салтанатты түрде ант беріп, арнайы куәліктері табысталды. 

"Жас сақшы" жобасын іске асыру өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ мектеп мен полиция бөліністері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар