Жамбыл облысында көлік саласындағы өсім 303,8 млрд теңгеге жетті
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
2025 жылдың қаңтар–шілде айларында көлік қызметтерінің жалпы көлемі 303,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артты.
Есепті кезеңде жүк тасымалдау көлемі 22,0 млн тоннаға жетіп, нақты көлем индексі (НКИ) 93,9%-ды көрсетті. Жүк айналымы 19,7 млрд тонна-шақырымды құрады (92,7%).
Жолаушылар тасымалында өсім байқалды – 43,9 млн адам тасымалданып, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 32,7%-ға көп.
Ал жолаушы айналымы 0,9 млрд жолаушы-шақырымды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 89,5%-ға жетті.