дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 17:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында лауазымды қызметкер ауыр қылмысты жасырған

Жамбыл облысында лауазымды қызметкер ауыр қылмысты жасырған
Фото - ашық дереккөз
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

«Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Прокуратура Байзақ ауданының Полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру, ауыр санатты қылмысты қасақана жасыру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Аудан аумағында 10 700 000 теңге қаражат ұрланғанына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті Бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде тіркемеу арқылы жасырған. Дәлелдер жиынтығы бойынша күдіктіге Қылмыстық кодекстің 433-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (бір топ адаммен алдын-ала келісіп, ауыр қылмысты жасыру) бойынша айып тағылып отыр. Күдікті – полиция қызметкері ұсталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар