Жамбыл облысында отыз екінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 наурыз, 2026
- 68
Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әзімов, мектеп әкімшілігі, оқушылар және ата-аналар қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер мен естелік сыйлықтар табысталды.
— Бұл ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасы аясында Жамбыл облысында ашылған 32-ші мектеп. Аталмыш жоба – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін арттыруға және полиция қызметіне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама, – деп атап өтті Данияр Әзімов.
Іс-шара соңында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін білдіріп, еркін форматтағы әңгімелесу алаңына жалғасты. Оқушылар полиция қызметкерлеріне көкейдегі сауалдарын жолдап, болашақ мақсаттарымен бөлісті.





