Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары 7 келіден астам есірткі тәркіледі

Аула аумағын қарау кезінде бақшадан жалпы салмағы 7 келі 520 грамм болатын 46 түп қарасора табылды

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел ақпаратты іске асыру барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аула аумағын қарау кезінде бақшадан жалпы салмағы 7 келі 520 грамм болатын 46 түп қарасора табылды. Сонымен қатар, шаруашылық сарайдан салмағы 376 грамм кептірілген марихуана салынған пакет анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.