Жамбыл облысында «Таза аула» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Жамбыл облысында экологиялық іс-шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырылуда. Соның бірі 17-18 сәуір күндері өткен «Таза аула» акциясы.
Аталған акция аясында 17 сәуір күні Тараз қаласының Бәйтерек шағын ауданында жалпықалалық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында аулалар мен көшелер тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоғамдық орындар ретке келтірілді.
Шараға қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Қадралиев акцияның маңыздылығына тоқталып:
Сонымен қатар, Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері игі іске ұйытқы болып, мекеме аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізсе, Меркі ауданында білім беру мекемелерінде «Түлектердің ағаш егу» челленджі өткізілді.
Табиғатқа жанашырлық танытқан ұжым аулаға шырша көшеттерін отырғызып, түрлі гүлдер егіп, айналаны жаңа келбетке бөледі.
Әрбір отырғызылған тал мен гүл – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, экологиялық мәдениеттің және жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісі.
«Таза аула» акциясы тұрғындарды өз ауласына жауапкершілікпен қарауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Осыған ұқсас шаралар облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.
Жалпы, акция басталғалы 18 мыңнан астам адам мен 850-ден астам ұйым қатысып, 45,8 мың көшет отырғызылды. 1,8 мың шақырым көше жолдары мен 410 шақырым арық жүйелері тазартылып, 72,4 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды. 1,8 мың тонна қоқыс шығарылды.
Telegram-бот арқылы 290 өтінім қабылданып, олардың басым бөлігі қарастырылған.