Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Облыста криминогендік ахуалды жақсарту және қылмыстың өсу факторларын болдырмау мақсатында мекемеаралық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар қылмыс түрлерінің көрсеткіші едәуір азайды.
Атап айтқанда:
• Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс – 20,5%-ға (521-ден 414-ке дейін)
• Көшедегі қылмыс – 18,6%-ға (312-ден 254-ке дейін)
• Жасөспірімдер қатысуымен жасалған қылмыс – 35,0%-ға (40-тан 26-ға дейін)
• Бұрын сотты болғандар жасаған қылмыс – 23,1%-ға (476-дан 366-ға дейін)
• Мас күйде жасалған қылмыс – 9,1%-ға (220-дан 200-ге дейін)
• Топпен жасалған қылмыс – 27,6%-ға (134-тен 97-ге дейін) азайды.
Мамандар бұл нәтижелерді құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының жемісі деп бағалап отыр.