сенбі, 14 наурыз, 2026 20:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының әкімі жамбылдықтарды Амал күнімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі жамбылдықтарды Амал күнімен құттықтады
Фото: egemen.kz
Құттықтауында аймақ басшысы бұл күннің халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрімен сабақтас екенін атап өтті.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңір тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтап, барша жамбылдықтарға амандық, береке және бірлік тіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Қымбатты жамбылдықтар!  Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауы саналатын Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлтымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрінен бастау алған Амал мерекесінде ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, өткенге шүкір айтып, өкпе-ренішті ұмытып, ақжарма тілектерін арнайды. Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге ізет білдіру – халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі.

Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, жүректерді табыстыратын, береке мен бірлікті бекемдей түсетін ерекше күн. Осындай игі дәстүрлер арқылы ұлттың рухани құндылықтары жаңғырып, ұрпақтар сабақтастығы нығая түседі.

Берекелі мерекеде әр шаңыраққа амандық, әр отбасыға бақ-береке тілеймін! Елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арта берсін!  Бір жас қосуыңызбен, әулиеаталық ағайын!   Амал мерекесі құтты болсын!» – деді облыс әкімі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар