жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының жаңа бас полицейі тағайындалды

Жамбыл облысының жаңа бас полицейі тағайындалды
Жамбыл ПД
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.

Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар