жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Жамбыл облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Фото: saqshy.info
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Берік Рақатұлы Әбілов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Берік Әбілов 1971 жылы Талдықорған облысының Жаркент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қалалық прокуратурасында бастаған. Әр жылдары Алматы прокуратурасында тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші болып қызмет атқарды. Кейін Бас прокуратурада басқарма бастығы, қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ, қаржы полициясы органдарында басшылық қызметтерде болды.

2018–2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары, ал 2021 жылдан бері Қостанай облысының прокуроры қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының прокуроры болып қызмет атқарған Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар