Жамбыл және Түркістан облыстарында жолдар ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 ақпан, 2026
- 196
2026 жылғы 13 ақпан күні сағат 11:00-ден бастап бірқатар республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы аумағында келесі учаскелер ашылды:
Аталған автожолдың 143-214 шақырымы (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы);
534-593 шақырымы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы);
476-534 шақырымы (Тараз қаласының айналма жолы).
Түркістан облысы аумағында
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы) бойынша қозғалысқа рұқсат берілді.
Аталған бағыттарда жол қозғалысы барлық көлік түрлері үшін толық ашық.
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.





