жұма, 27 наурыз, 2026 1:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды

Жамбылда 105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
gov.kz
Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласуда.

Жамбыл облысында білім беру жүйесін сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бастама өз жемісін беруде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен жоғары оқу орындарының түлектерін конкурстық рәсімдерден өткізбей, тікелей білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау тәжірибесі жүзеге асырылуда. Бұл жоба – білім саласына ынталы жастарды тартуға бағытталған қадамдардың бірі.

Бүгінде осы бастама аясында Жамбыл облысында 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастап кетті. Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласуда. Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар.

Аталған жоба жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың еңбек нарығына тез әрі тиімді кірігуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе өңірдегі білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесуде.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар