Жамбылда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда
- авторБақытжан Бекболат
- 21 тамыз, 2025
- 407
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоспар бойынша 1 415 пәтер сатып алынбақ.
Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджет есебінен 50 пәтер сатып алынды: Байзақ ауданында – 30, Қордай ауданында – 20. Қосымша 48 пәтер (Меркі – 30, Жамбыл ауданы – 18) сатып алу конкурсына ұсынылды.
Қазіргі таңда 1 127 пәтердің құрылысы жүріп жатыр, ал 190 пәтердің құрылысы әлі басталмаған. Оның ішінде 10 пәтер республикалық бюджет есебінен, 180 пәтер облигация есебінен салынатын болады.
Мамандардың айтуынша, биылғы тұрғын үй бағдарламасы өңірдегі баспанаға мұқтаж аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.





