жұма, 27 ақпан, 2026 3:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда заңсыз сақталған препарат тәркіленіп, 605 мың теңге айыппұл салынды

Жамбылда заңсыз сақталған препарат тәркіленіп, 605 мың теңге айыппұл салынды
Фото: pixabay.com
Қаулы заңды күшіне енді.

Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды сақтау фактісі бойынша «Б» ЖШС-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жүргізілген тексеру нәтижесіне сәйкес, Сарысу ауданының стоматологиялық кабинеттерінің бірінде ҚР аумағында тіркелмеген дәрілік заттарды сақтау жүзеге асырылғандығы анықталды. Шетелдік өндірісті (Ереван қ.) тері астына енгізуге арналған дәрілік зат табылды. Оны сатып алғанын растайтын құжаттар жоқ.

ЖШС-ның өкілі кінәсін мойындап, бұл дәрілік заттардың жеке пайдалану үшін сатып алынғанын түсіндірді.

Сот кінәсін мойындауын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен «Б.» ЖШС ӘҚБтК 426-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қызметін 10 тәулікке тоқтата тұрып және көрсетілген дәрілік заттарды тәркілей отырып, 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар