Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер таяқ тартты

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталды

25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері арасында «Таяқ-тартудан» облыс біріншілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа барлығы 12 командадан 58 қызметкер қатысып, спортшылар 5 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
3-орынды — Тараз қаласының Полиция басқармасы,
2-орынды — Жуалы ауданының полиция бөлімі,
1-орынды — Қордай ауданының полиция бөлімі иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Мұндай спорттық шаралар полиция қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына, дене дайындығын арттыруға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған.