Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық құтқарушылар терең шұңқырға құлап кеткен әйелді құтқарды
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қараша, 2025
- 196
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында әйел терең шұңқырға құлап, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж екені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға орнына жедел жеткен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құралдарды пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсіп, зардап шеккен әйелді абайлап зембілге салып жоғары көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман сақталды.






