Жамбыл жаңалықтар
«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 18:11
- 85
Кездесудің басты мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында теріс әрекеттердің алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Қаратау қаласындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуге Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Талғат Шыңғыс Саматұлы қатысып, оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық түрлері, олардың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, тәртіп бұзудың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға бағыну жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.





