Жел, тұман: Жамбылда қолайсыз ауа райы күтіледі
2026 жылғы 25 сәуір күні Жамбыл облысы аумағында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі.
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, облыстың кей аумағында тұман түсіп, нөсер жаууы ықтимал.
Сонымен қатар, желдің күшеюі байқалып, екпіні секундына 20 м/с дейін жетуі мүмкін.