Жолдағы ақаулар: мердігерлер мен әкімдіктерге шара қолданылды
Жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бас-аяғы 2381 жолда тексеру жұмыстарын жүргізген.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жолдардың сапасын бақылаумен қатар, орташа жөндеу жұмыстарына арналған жобаларға сараптама жүргізіп, көліктік-пайдалану жағдайын анықтау жұмыстарын да атқаруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жолшылар 91 нысанға 103 рет іссапармен шығып, 329 жол-құрылыс материалының сынамасын алған. Оның ішінде 247 материал зертханалық сынақтан өткізіліп, 66 үлгіде сәйкессіздік анықталған. Қалған 181 материал талапқа сай деп танылды.
Ал жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне бағынысты әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бас-аяғы 2381 жолда тексеру жұмыстарын жүргізген. Есепті кезеңде 16386 шақырым жол жабыны тексерілсе, нәтижесінде 10579 түрлі кемшілік анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Болатбек Баятанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар жол-көлік инфрақұрылымына және көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты заң бұзушылықтарды жою үшін жол жөндеу ұйымдарының басшыларына 2381 нұсқама берген.