Жуалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жаңа басшы тағайындалды
Бұл туралы Жуалы ауданының әкімдігі мәлімдеді
Жуалы ауданы әкімінің 2025 жылғы 13 қарашадағы өкімімен Айтбаев Руслан Ғабитұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Руслан Айтбаев 1989 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген.
Білім жоғары. 2009 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжін, ал 2012 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын әскери саладан бастаған ол 2010-2017 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы 91678 әскери бөлімінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарған.
Кейінгі жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жуалы аудандық филиалында «Бизнес Бастау» жобасының үйлестірушісі, аталған филиалдың директоры, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
Ал, 2025 жылдың 13 қарашасынан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.