жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды
gov.kz
Бұл туралы Жуалы ауданы әкімдігі мәлімдеді

Жуалы ауданы әкімінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі №310 өкіміне сәйкес, Сейтбеков Жеңісбек Оразбақұлы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жеңісбек Сейтбеков 1981 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін, ал 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін тәмамдаған. Мамандығы – дене шынықтыру және спорт, құқықтану.

Еңбек жолы

Жеңісбек Оразбақұлы еңбек жолын 2006 жылы «Қазпошта» АҚ Жуалы аудандық бөлімшесінде жүргізуші-инкассатор болып бастаған. Кейінгі жылдары спорт саласы мен жастар саясаты бағытында жұмыс істеді.

2011–2017 жылдары Жуалы аудандық жастар ресурстық орталығында спорт және жастар ісі нұсқаушысы қызметін атқарды. 2017–2020 жылдары аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде спорт нұсқаушысы болды.

2020 жылдан бастап ауылдық округ әкімдігі мен спорт бөлімінде әдіскер, спорт нұсқаушысы ретінде еңбек етіп, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысты.

2023 жылдың сәуірінен бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары, ал сол жылдың тамыз айынан бастап орталықтың директоры қызметін атқарды.

2025 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Жеңісбек Сейтбеков Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызметке кірісті.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар