Жуалы ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Жуалы ауданы әкімдігі мәлімдеді
Жуалы ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 шілдедегі №244 өкіміне сәйкес, Жатқанбаев Қайрат Есенбекұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қайрат Есенбекұлы 1971 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1993 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын "Мелиорация жұмыстарын механикаландыру", ал 2024 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының қызметкері ретінде бастаған. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, коммуналдық сала мен әкімшілік қызметтерде түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Атап айтқанда:
1994–1996 жылдары шофер-механизатор,
1996–2001 жылдары инженер-механик,
2002–2010 жылдары «Қазфосфат» ЖШС-де түрлі бөлімдерде қызмет атқарған (атқыш, диспетчер, бөлім басшысы, экспедитор),
2011–2014 жылдары коммуналдық кәсіпорын директоры,
2014 жылы Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары,
2014–2021 жылдары Қаратөбе ауылдық округінің әкімі,
2021 жылы Қарасу ауылдық округі әкімдігі аппаратының әскери есепке жауапты бас маманы,
2021–2022 жылдары «Таза мекен» коммуналдық мекемесінің директоры,
2022 жылы «Жуалы-Су» мекемесінде басшының орынбасары,
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.