жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда «AgroSkills-2025» кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі өтті

Жуалыда «AgroSkills-2025» кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі өтті
Фото - ашық дереккөз
Жарыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мамандығын игеріп жатқан білімгерлердің кәсіби машықтарын жетілдіру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында ауыл шаруашылығы саласының болашақ мамандарын анықтауға бағытталған республикалық «AgroSkills-2025» кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Байқау Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыстың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мамандығын игеріп жатқан білімгерлердің кәсіби машықтарын жетілдіру, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бейімдеу және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, қатысушыларды агроөнеркәсіптегі заманауи үрдістерге үйрету де негізгі міндеттердің бірі болды.

Облыстық кезеңге алты колледжден келген сегіз студент қатысты. Байқау тапсырмалары WorldSkills халықаралық стандартына сәйкес әзірленіп, алты модуль бойынша өткізілді.

Нәтижесінде, №16 Жуалы колледжінің студенті Шахзод Шухратұлы үздік өнер көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Ол енді 29-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында облыс намысын қорғайды.

Бұл сайыс ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында білім алып жатқан жастардың тәжірибесін шыңдап қана қоймай, олардың кәсіби болашағына жаңа серпін берері сөзсіз.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар