жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда «Туған жердің төрінде» атты тағылымды кездесу өтті

Жуалыда «Туған жердің төрінде» атты тағылымды кездесу өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақты білім мен еңбекке баулудың маңызына тоқталды.

Жуалы ауданындағы Қ.Қошмамбетов орта мектебінде елімізге танымал ұстаздармен тағылымды кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Туған жердің төрінде» атты шараға Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі, ҚР маңдайалды педагогы, Жуалы ауданының, Жамбыл облысының, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Төреқызы Миразова мен белгілі ақын, ардагер ұстаз Жеңіскүл Сейітқұлқызы арнайы шақырылды.

Кездесу барысында ұстаздықтың ұлы жолы, оның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі туралы тағылымды әңгімелер өрбіді. Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақты білім мен еңбекке баулудың маңызына тоқталды.

Шарада мектеп оқушылары мәнерлеп өлең оқып, ұстаздарға арнау жолдады. Жеңіскүл Сейітқұлқызының «Берікқара» өлеңін жас өрендер әсерлі жеткізсе, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің шығармалары да оқылды. Кешке Билікөл ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Еңсебек Түгелбайұлы қатысып, батасын берді.

Іс-шара ұстаздардың еңбегін құрметтеуге, жас ұрпаққа өнеге көрсетуге бағытталды. Қонақтар мен ауыл тұрғындарына арналып қойылған концерттік номерлер де жиынға көрік қосты.

Кездесу соңында Аягүл Төреқызы ұстаз бақыты – шәкірт жетістігімен өлшенетінін атап өтті. Шараға қатысушылар елге еңбегі сіңген ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, тағылымды кештен ерекше әсер алып тарқасты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар