сенбі, 14 ақпан, 2026 3:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалылық әйелдің қызығушылығы сот ісін қозғауға себеп болды

Жуалылық әйелдің қызығушылығы сот ісін қозғауға себеп болды
Фото: ЖИ
Бұл туралы Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты мәлімдеді

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс материалдарына сәйкес, келіншек күйеуі оны ұрғаны туралы хабарламамен таңертең учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалған. Полиция қызметкері келгеннен кейін жәбірленуші белгісіз себептермен жазбаша түрде медициналық тексеруден өтуден және күйеуіне қатысты заңды шараларды қолданудан бас тартқан. 

Өзінің түсініктемесінде жәбірленуші С. таңертең, қызығушылықпен күйеуінің телефонында белгісіз әйелмен хат алмасуын тексеріп, содан кейін бұл факт бойынша отбасылық келіспеушілік орын алып, бұл балағат сөздер мен қол сұғушылыққа алып келген. 

Сотта құқық бұзушы жасаған ісіне шын жүректен өкініш білдіріп, кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұрады және соттан тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады. 

Жәбірленуші күйеуімен татуласу фактісін растады. 

ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігінің ескерту жасау не 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуды көздейді. 

Сот қаулысымен медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар