1 қыркүйек – ресми түрде демалыс күні болып бекітілді
Заң бойынша мереке демалыс күнге сәйкес келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады.
Қазақстанда 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл бұл мереке сенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты демалыс күні 30 тамыздан дүйсенбіге – яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Осылайша қазақстандықтар Конституция күніне орай келесідей демалатын болады:
• Бес күндік жұмыс аптасымен – үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
• Алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).
Тамыз айындағы жұмыс және демалыс күндері:
• Бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
• Алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.