Жаңалықтар

19 қазан – Құтқарушылар күні

Олар – от пен судың ортасында жүретін ержүрек батырлар

19 қазан – Құтқарушылар күні, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құтқарушы мамандығы – ерлік пен табандылықты, батылдық пен жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы іс. Олар әрдайым көмекке келуге дайын, қандай жағдай болмасын, жылдам әрі үйлесімді әрекет етеді.

Бұл күн – адамдардың өмірін құтқаруды басты борышы еткен қаһарман жандардың кәсіби мерекесі.

Олар – от пен судың ортасында, апат пен төтенше жағдай кезінде алғашқы көмекке ұмтылатын ерлік пен мейірімділіктің символы.

Барша құтқарушыларға қажырлы еңбегі мен батылдығы үшін алғыс айтамыз!