Жаңалықтар

2 тамызда eGov пен басқа мемлекеттік сервистер уақытша қолжетімсіз болады

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін кейбір мемлекеттік электронды сервистердің жұмысы шектеледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Компания мәліметінше, бұл жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);

e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;

"ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;

Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

Осыған байланысты "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжат көрсету қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.