Жаңалықтар

20 шілде – Халықаралық шахмат күні

Бұл мереке 1966 жылдан бастап атап өтіледі және оны 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы (FIDE) бекіткен.

  20 шілде – Халықаралық шахмат күні, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шахматтың тарихы 1500 жылдан асады. Ол V–VI ғасырларда Үндістанда чатуранга атауымен пайда болып, әлемге таралды. Уақыт өте келе Шығыста – шатранж, Қытайда – сянци, Тайландта – макрук деп аталды. IX–X ғасырларда Еуропаға жетіп, қазіргі ережелері XIX ғасырда қалыптасты. 1886 жылы алғашқы әлем чемпионаты өтті.

«Шахмат» сөзі парсы тілінен «билеуші өлді» дегенді білдіреді. Бүгінде бұл ойынды жер шары тұрғындарының 25%-ы ойнайды.