2030 жылы Қысқы Олимпиада қай елде өтетіні белгілі болды
Бұл шешім 2024 жылғы 24 шілдеде Халықаралық Олимпиада комитеті-нің 142-сессиясында, Париж қаласында қабылданды.
2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 1–17 ақпан аралығында Франция Альпілерінде, нақтырақ айтқанда Прованс-Альпі-Кот-д'Азур және Овернь-Рона-Альпі өңірінде өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл шешім 2024 жылғы 24 шілдеде Халықаралық Олимпиада комитеті-нің 142-сессиясында, Париж қаласында қабылданды.
Ауқымды дода бағдарламасына шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, бобслей, шана спорты, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және коньки спорты секілді қысқы спорт түрлері енгізіледі.
Айта кетейік, алдағы 2026 жылғы қысқы Олимпиада 6–22 ақпан күндері Милане-Кортина д’Ампеццо өңірінде ұйымдастырылады. Оған әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салу жоспарланған.