Жаңалықтар

6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында жазды.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында мәдениет пен білім саласына қатысты заң жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Заң жобасында бірнеше маңызды мәселе қамтылған. Соның бірі – алты жасқа толған балаларды балабақшадан бірден шығармай, мектепке барғанға дейін сол мекемеде қалдыруға мүмкіндік беру.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жиі кездесетін проблема – бала 6 жасқа толған күні-ақ балабақшадан шығарылып, ата-аналар қиын жағдайда қалатын. Мысалы, егер бала қаңтарда немесе көктемде 6 жасқа толса, оны балабақшадан шығарып жібереді, ал 1-сыныпқа тек қыркүйекте барады. 

Бұл түзету ата-аналар үшін үлкен жеңілдік болмақ. Жаңа норма заңмен бекітіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде маңызды мәселенің біріне нүкте қойылды.