Ақжүрек Таңатаров Алматы облысының спорт басқармасын басқаруға ұсынылды
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады
Ақжүрек Таңатаров Алматы облысының спорт басқармасын басқаруға ұсынылды
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссия Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасын мақұлдады.
Комиссия үміткердің кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілетін ескере отырып оң шешім қабылдады.