Жаңалықтар

Алматы облысында тікұшақ құлады: Экипаж мүшелерінің туыстары Президентке үндеу жасады

Алматы облысында 25 шілдеде жоғалып кеткен EC-145 әскери тікұшағының экипаж мүшелерінің туыстары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қорғаныс министріне және Төтенше жағдайлар министріне бейнеүндеу жолдады.

Олар іздестіру жұмыстарын жеке бақылауға алуды сұрап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жоғалғандардың туыстары олардың тірі екеніне сеніп, көмек күтіп отырғанына үміт артады.

Сондай-ақ үндеуде отбасы мүшелері іздеу жұмыстарына өз күштерімен де кірісіп жатқанын, оған достар, туыстар мен еріктілер тартылғанын атап өткен.