Алматы әуежайы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті
Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайы хабарлады
Алматы әуежайы рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы халықаралық әуежайының басшылығы қараша айының соңында ұшатын жолаушыларға алдағы күндері рейстердің кешігуі ықтимал екенін айтып, алдын ала ескерту жасады.
Әуежай мәліметінше, жақын күндері Airbus компаниясының ұшақтарымен орындалатын рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл – өндіруші компанияның барлық әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді міндетті түрде жаңарту туралы талабының орындалуына байланысты.