Жаңалықтар

Алматыда пойызда 52 адам газдан уланып қалған

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.

11 желтоқсанда Алматы-2 теміржол вокзалында кино түсіру барысында пойыздағы 52 адам көміртек тотығымен уланып қалды. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олардың 10-ы бала, оның ішінде екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, қалғандары тексеруден кейін амбулаториялық емге жіберілді.

Жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі пойыз ұлттық тасымалдаушының қарауында емес, вагондар киностудияға түсірілім жүргізу үшін берілген.